ҰБТ көрсеткішінің салыстырмалы мәліметі

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында “Жоғары бiлiмдi дамытудың негiзгi үрдiсi мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми – зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық бiлiмдi дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерiнiң әлеуметтiк сала мен экономиканың қажеттiлiктерiмен тығыз байланысты бiлiм беру және технологияларды жетiлдiру болып табылады” деп атап көрсетiлгендей, қазiргi бiлiм беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтiк-педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан бiлiм мазмұнына жаңалық енгізудiң тиiмдi жаңа әдiстерiн iздестiру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.

 

Ұлттық бірыңғай тест – бiлiм сапасының басты көрсеткiшi. Мектепте алынған сапалы білім мен тәрбие оқушының бiлiмдi, толерантты және ұлтаралық проблемаларды шешуге дайын жеке тұлға болып қалыптасуының шарты болып табылады. Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасында бiлiм сапасын көтерудiң басты құралы есебiнде Ұлттық Бірыңғай Тестiлеу енгiзiлгенi белгiлi. Бүгінгі таңда еліміздегі қай оқу орнында болмасын білім алушының біліктілігін тексеру құралы бұл тестілеу болып отыр. Соның бірі «Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық  орталығының» ұйымдастыруымен өткізіліп жүрген ұлттық бірыңғай тестілеу.

 

2016-2017 оқу жылында Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебі бойынша мектеп бітіруші : 41, оның 18-і Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатысты. Мектеп бойынша ҰБТ-ға қатыс 43,9%

        

Ұлттық Бірыңғай Тест төмендегідей нәтиже көрсетті:

 

Жылдар

2014-2015

2015-2016

2016-2017

Орташа балл

61,3 

63,3

67,4

Үздік аттестат

-

-

-

Алтын белгі

-

-

1