Оқу –тәрбие жұмысының негізгі тақырыбы:

 

«Тәрбиелеу және білім беру үрдісінде инновациялық технологияларды ендіру негізінде біліктілікті қалыптастыру»

 

МАҚСАТЫ:

Инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруде мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыра отырып, жеке тұлғаға бағытталған  білім  беру.

 

МІНДЕТІ:

  • Оқу мен оқыту үдерісіне өзгерістер енгізе отырып, оқушының өз бетінше білім алуына үнемі ықпал жасап отыру.

 

  • Инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгерту мақсатында мұғалімдерді деңгейлік, тақырыптық, әдістемелік курстардан өтулеріне мүмкіндік жасау.

 

  • Білім сапасын арттыру жолында мектепішілік бақылауды күшейту. 

 

КҮТІЛЕТІН  НӘТИЖЕ:

  • Бәсекеге қабілетті тұлға жетіліп, тәрбиеленеді.

 

  • Мұғалімдердің үздіксіз білім жетілдіру нәтижесінде заман талабына сай жаңа әдіс – тәсілдерді меңгерген шығармашыл ұстаз қалыптасады.

                                                                                                                                              

2017-2018  оқу жылындағы міндеттер

 

Мектепте 2016-2017 оқу жылында атқарылған әдістемелік  жұмыстарына жасалған талдаулар негізінде оқу – тәрбие жұмысындағы кемшіліктерді жою, әдістемелік жұмыстарды жетілдіру мақсатында 2017 – 2018 оқу жылына басым бағыттар белгіленіп, оны орындау мақсатында төмендегідей міндеттер қабылданды:

 

  • Білім беру сапасын арттыру мақсатында пән сабақтарында интерактивті оқыту технологияларын кеңінен пайдалану;
  • Мұғалімдердің шығармашылық тобының жұмысын жандандырып, озат тәжірибелерді ақпараттандыру, насихаттау;
  • Тәрбие, білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарларын, мемлекеттік білім беру стандартын, , нормативтік құжаттар, әдістемелік нұсқауларды талдау, игеру, жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында сыныптан тыс үйірмелер, спорттық секциялар жұмысын жандандыру;
  • Мұғалімдерге педагогикалық білімін өз бетінше көтеру жолдарын үйрету, өзара кәсіби бәсекелестік орнату;
  • Сабақ үдерісінде оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында көшбасшылықты дамыту;
  • Мұғалімдердің оқушылар білімдерін бағалауда объективтік принципін ұстауға бағыттау;
  • Жеке оқушымен жұмысты жетілдіру жолдарын қарастыру;
  • Мұғалімдерді зерттеушілік, шығармашылық жұмыстарға баулу, ынталандыру.
  • Оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмыстарының деңгейін көтеру;
  • ОЖСБ-ға, ҰТБ-ға жан – жақты дайындық жүргізу;
  • Оқушылардың білім сапасын арттыру, олардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне ықпал ететін интеллектуалдық шараларды өз дәрежесінде ұйымдастыру;
  • Оқушылардың шығармашылық және ізденіс жұмыстарына негіз салу, өзін-өзі дамыта, өз бетімен білім ала алатын оқушы тұлғасын қалыптастыруда жаңа технологияларға сүйене отырып жұмыс жасау;

 

Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер бірлестік мүшелеріне тәлімгерлік жұмыстарын жүргізуді жалғастыру арқылы пәнді оқыту әдістемелерінің жоғарлылауына көмектесу.

 

  • Ғылыми жобаларға дайындық, перспективалық жоспар құра отырып, ғылыми кеңесші тағайындап, белгіленген тақырыппен жұмыстану, оқушы бағыттау, іздендіру шараларын қолға алу;
  • Ата – аналар, жергілікті мекемелермен ынтымақтастықты нығайту.

 

Қай мемлекеттің болмасын өркендеп-дамуына азаматтарының Отанға деген сүйіспеншілігі, патриотизмі іргетас болады. Осы орайда, Елбасының межелеген Ұлт жоспары 100 нақты қадамының 76-қадамында Экономикалық Ынтымақтастық Даму Ұйымына мүше елдері стандарттарының негізінде функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқу стандарттарын жаңарту және жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру кезек күттірмейтін мәселе. Расында, алдағы жылдарда елді дамытатын да, сол дамыған дәуірдің жемісін көретін де – жастар. Жастарымыздың білімді,денсаулықтары мықты болып өсулері үшін ғана емес, сонымен қатар, олардың өз елінің шынайы патриоттары болып ержетуі жолында тер төгу бүгінгі ұстаздар қауымы үшін зор міндет  деп білемін. Ендеше, қазіргі мұғалімдердің алдында тұрған басты міндет-оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру,құзіретті тұлға дайындау.

 

Осындай ұлы мақсатты ұстанған ұлт болашағы тағдырын өз тағдырым санайтын, білім ұяларының жүрегі болып табылатын ұстаздар Жаңа ғасырдың білімді ұрпагың тәрбиелейді.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында міндеттелген білім берудің жаңа инновациялық тәсілдерін қолдана отырып білім алушыларға барынша жағдай жасау – қоғамымыздың алға қойған басты мақсаттарының бірі деп көрсетілген. Ел басшысы Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында «Қазақстан Республикасында

 

білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыруға, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге дайындықты жақсартуға және білім сапасын арттыруға, тәуелсіз еліміздің ертеңі-жастарлы оқыту мен тәрбиелеуге айрықша тоқталды.

 

Жоғары динамикасы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым – қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуы, сондай-ақ адамның интеллектісіне, әл - ауқаттылығына, оның икемділігіне, жасампаздық іс-әрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамның негізгі капиталы болып табылады.

 

Еліміздегі мұндай жағдайда өзекті мәселелердің бірі-өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын,бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

 

Осыған байланысты сапалы білім беру мемлекеттік саясаттың басты бағыты және оған қол жеткізу біздің өзімізге,өзіміздің жеке білім жүйесіндегі түрлі мәселелерді шешуімізге байланысты.

 

Бұл бағытта мектебімізде өткен оқу жылында да ауқымды жұмыстар жүргізілді және алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

 

Елбасы Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында Білім саласы қызметкерлері алдында білім жүйесінің жаңаруымен түбегейлі жаңа мақсаттар қойып отыр.

 

Өйтекні білім-ұлттың бәсекеге қабілеттігін арттырудың,озық 30 елдін қатарына енуін басты құралы.Біздін міндетіміз білімді, сауатты, ұлтжанды, мәдениетті, Мәңгілік елдін қалауы - дарынды жеке тұлғаны оқытып тәрбиелеу.

 

ҚР Білім туралы заңы мен ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқу-тәрбие жұмысын жүргізіп келе жатқан Бауыржан Бегалиев атындағы орта мектебі 2016-2017 оқу жылында  «Тәрбиелеу және білім беру үрдісінде инновациялық технологияларды ендіру негізінде біліктілікті қалыптастыру» тақырыбында жұмыс жасады. Оқу жылын  1-11 сыныптар бойынша 77 мұғалім, 544 оқушымен, 29 класс комплектісімен бастап 540 оқушымен оқу жылын аяқтадық сапа көрсеткіші 50,2% /+1/ болды , оның  озаты-89, екпіндісі 182

 

Жаңа формациядағы ұстаздарды дайындау, ұлт жоспарының 76 қадамы негізінде адам капиталының сапасын көтеру арқылы еліміздің білім жүйесін халықаралық стандарт деңгейіне жеткізу білімді де білікті мамандар дайындауды талап етеді. «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана-мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады». Сол себептен қазіргі уақытта 12  мұғалім 1 айлық білім мазмұнын жаңарту бағытындағы курста өз білімдерін шыңдаса, 14 мұғалім «Кембридж тәсілінің негіздері» бойынша біліктілік арттыру курстарын бітірді. Сонымен қатар, 2017 жылы 10 мұғалім курстан өтіп, сертификатқа ие болды. Бұл барлық мұғалімдердің 46,7 сапасын құрайды.

 

Пәндер бойынша білім сапасына тоқталатын болсақ, өткен оқу жылындағы білім сапасымен салыстырсақ негізгі пәндерден де жоғарылаушылық көруге болады. Бұл әрине пән бірлестіктерінің сапалы еңбегі екені даусыз. Мектепте     10 пән бірлестігі жұмыс жасайды. Оқу жылының басында пән бірлестіктерінің жылдық жоспары, ашық сабақтар мен жазба жұмыстарының графигі жасалынып, уақытында орындалуы қадағаланды. Жыл көлемінде мұғалімдердің өткізген ашық сабақтарының сапасы

 

ескеріліп, оқушылардың пән бойынша орташа білім  сапасы, мұғалімдердің кәсіби біліктілігі, іс-қағаздарының жүргізілуі, байқауларға қатысу деңгейі бағаланып, әр бірлестіктің диагностикалық талдауы жасалды.Қазіргі уақытта  мектепте 20 жоғары санатты, 26-І санатты,18-ІІ санатты мұғалім бар.Сапа 59,7 болды.

 

Б.Бегалиев жалпы орта мектебі жөнінде мәлімет

 

Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебі 2002 жылы жаңа үлгіде салынып, қолданысқа берілді. Мектептің жалпы ауданы 5794 шаршы метр, сыйымдылығы - 624 орындық. Мектеп РТС елдімекенінің шет жағында орналасқан. Мектеп ғимаратына жақын жерде агроколледж бар. РТС елді мекенінің тұрғындарының көпшілігі жұмыссыздар санатына жатады. Тұрғындардың (әсіресе жастар) арасында өзге дін ағымын ұстанатындар бар, бірақ мектеп оқушылары арасында дінге бейім, мешітке баратын оқушы жоқ.

 

 Мектепте 28 оқу кабинеті,1 спорт залы, 150 орындық асхана, жаңа үлгімен жабдықталған акт залы, 1 медициналық кабинет бар. 1 кабинет жаңа модификациялы үлгіде, 18 кабинет интерактивті тақтамен, қалған барлық кабинеттер компьютермен жабдықталса, химия, физика, биология кабинеттерінің зертханалық жұмысқа арналған құралдар сақталатын қосымша бөлмелері бар, кабинетте зертханалық жұмыс жасауға барлық мүмкіндік жасалған.   

 

2017-2018 оқу жылында мектепте 560 оқушы білім алуда, оның ішінде 1-4 -сыныптарда – 259 оқушы, 5-9 -сыныптарда – 237 оқушы, 10-11- сыныптарда – 64 оқушы. Оқушылар қазақ тілінде 2 ауысыммен оқиды. 30 сынып комплектісі, 3 мектепалды даярлық тобы бар.

 

 

 Мектепте педагогикалық қызметкерлер саны -79.

 

Педагог қызметкерлердің білімі бойынша:

 

Барлығы

Жоғары

Арнайы орта

Сырттай оқитыны

79

73

6

-

 

Педагог қызметкерлердің біліктілігі:

 

Барлығы

Жоғары санат

I санатты

II санатты

Санатсыз

79

20

25

18

16

 

Педагогикалық өтілі

 

Барлығы

3 жылдан кем

3жылдан 5жылға дейін

6жылдан 10жылға дейін

11жылдан 15жылға дейін

20 жылдан жоғары

79

10

9

9

15

30

 

Педагог қызметкерлерді жасына қарай бөлу:

 

Барлығы

20-дан 30-ға дейін

31-ден 40-қа дейін

41-ден 50-ге дейін

51-ден 59-ге дейін

59 жастан жоғары

79

12

28

18

19

2

 

Мектеп мұғалімдері арасында 1 мұғалім  ҚР білім беру ісінің үздігі, 2 мұғалім ҚР білім министрлігінің Алғыс хаты, 15 мұғалім Облыстық білім беру департаментінің Мақтау қағазымен марапатталған. 

 

25 мұғалім 1 айлық білім мазмұнын жаңарту бағытындағы курста өз білімдерін шыңдаса, 1 мұғалім Робототехника курсына қатысып келді. 14 мұғалім «Кембридж тәсілінің негіздері» бойынша біліктілік арттыру курстарын бітірді. Сонымен қатар, 2017 жылы 28 мұғалім курстан өтіп, сертификатқа ие болды. Бұл барлық мұғалімдердің 46,7% құрайды.